ММА

OCTAGON 17 турниріне қатысушылар салмақ өлшеді. Видео

OCTAGON 17 турниріне қатысушылар салмақ өлшеді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда OCTAGON 17 турниріне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 17 наурызда Алматыда көрерменсіз өтеді. кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) пен Айболат Мұратұлы (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы (93 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады. Екі спортшы да салмақ өлшеу сәтті өтті. Сонымен, Мұратұлы таразыда тура 93 келіні, ал қарсыласы 92,5 келіні көрсетті.

OCTAGON 17 турнирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді. Тікелей трансляциясы Setanta Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ OCTAGON TV Youtube арнасында көрсетеледі.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде Ұлан Тамғабаев (6-5) өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевпен (2-1) жұдырықтасады. 28 жастағы Тамғабаев таразыда 66,1 келі, ал Сотволдиев 66 келіні көрсетті.

Ең жеңіл салмақта (56,7 келі) бұрынғы OCTAGON чемпионы Алтынбек Мағаз (7-1) негізгі кардтың үшінші кездесуінде күш сынасады. Таразыда Мағаз 56,8 келіні көрсетті, ал оның қарсыласы Арген Маликов (4-2) дәл 57 келі болды.

OCTAGON 17 турнирінің салмақ өлшеу нәтижелері:

1. Алдияр Анарбаев 58 кг (Қазақстан) - Берік Шыналиев 57,9 кг (Қазақстан)

2. Мурод Нурматов 65,8 кг (Өзбекстан) - Фарух Миршарипов 66 кг (Қазақстан)

3. Бахадир Аскеров 58,2 кг (Қазақстан) - Ғани Әділсерік 58,4 кг (Қазақстан)

4. Алишер Габдуллин 60,9 кг (Қазақстан) - Қабылда Көкежан 61 кг (Қазақстан)

5. Ержан Шапауов 56,9 кг (Қазақстан) - Мадияр Шайызханұлы 57,2 кг (Қазақстан)

6. Фарход Давлятов 65,5 кг (Тәжікстан) - Расул Асимов 65,8 кг (Қазақстан)

7. Абдурахмон Гафуров 70,3 кг (Өзбекстан) - Руслан Ахметов 70,1 кг (Қазақстан)

8. Довуд Эмомов 61,2 кг (Тәжікстан) - Касым Ануарбек 61,1 кг (Қазақстан)

Негізгі кард:

9. Борис Магомедов 70,3 кг (Ресей) - Эмрах Шавкатов 70,1 кг (Қазақстан)

10. Угилой Насимова 57,1 кг (Өзбекстан) - Анастасия Дюжикова (Қазақстан)

11. Арген Маликов 57 кг (Қырғызстан) - Алтынбек Магаз 56,8 кг (Қазақстан)

12. Абдулазиз Сотволдиев 66 кг (Өзбекстан) - Ұлан Тамғабаев 66,1 кг (Қазақстан)

13. Айболат Мұратұлы 93 кг (Қазақстан) - Карим Рузбакиев 92,5 кг (Қазақстан)

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер