«Париж - Ницца» велобәйгесі: Власов екінші орын алды
Бүгін Францияның «Париж - Ницца» автожолдарындағы көпкүндік веложарыстың соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 кезеңнің жеңімпазы EF Education-Nippo командасының даттық велошабандозы Магнус Корт болды, екінші орынды Кристоф Лапорте (Cofidis), үшінші орынды Пьер Латур (Team Total Direct Energie) иеленді. <span>«Астана» сапынан </span>Йон Исагирре мәре сызығын жетінші болып кесті.
Астаналық велошабандоз Александр Власов жалпы есепте екінші орын алды.
Велоспорт. «Париж - Ницца» (Франция).
8 кезең.
1. Магнус Корт (EF Education-Nippo) - 2:16:58
2. Кристоф Ляпорт (Cofidis)
3. Пьер Латур (Team Total Direct Energie)
...7. Йон Исагирре («Астана»)
Жалпы есеп:
1. Максимилиан Шахман (BORA-hansgrohe) - 28:49:51
2. Александр Власов («Астана») - +0:19
3. Йон Исагирре («Астана») - +0:23