Футзал

Алты құрама Еуропа чемпионатына жолдама алды

Алты құрама Еуропа чемпионатына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алты команда құрлықтық чемпионатқа жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.

4, 6 және 7 топтарындағы бірінші орындарды Босния мен Герцеговина, Испания және Италия құрамалары мерзімінен бұрын иеленді.

Екінші орын иелеген алты команда да финалдық кезеңге жолдама алады. Хорватия, Әзербайжан және Ресей құрамалары өз топтарында кем дегенде екінші орын алады. Сондықтан бұл құрамалар да дүбірлі додаға жолдама алды.

Жоғарыда аталған алты команданың барлығы да УЕФА-ның ЕВРО-2022 іріктеу ойындарының төртеуінде де жеңіске жетті.

Ал өз тобында үш ойыннан кейін тоғыз ұпай еншілеген Қазақстан, 6 сәуір күні Венгрия құрамасын жеңетін болса, жерлестеріміз де Еуропа чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық бөлігі Нидерландыда 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер