«Тығыз кесте «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының биік мақсатына кедергі емес»

«Тығыз кесте «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының биік мақсатына кедергі емес»

«Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында алматылық клуб пен Қазақстан құрамасының маусымның маңызды кезеңіне дайындығы туралы айтты.

- Біздің команданың Беларуспен алғашқы матчтағы ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Команда өте жақсы өнер көрсетті. Негізінде, бапкердің барлық тапсырмалары орындалды. Біз матч тағдырын бірінші таймда шешіп тастадық деп ойлаймын. Менің жалғыз тілегім - стандарттарды күшейту. Команда бұл бағытта өте жақсы жұмыс істеді, нәтиже көріне бастады.

- Неліктен беларусьтік командалармен кездесулерде (ұлттық құрама, Чемпиондар Лигасындағы «ВитЭнге» қарсы ойын) біздің жігіттер үзіліске дейінгі сенімді ойнап, екінші таймда сәл босаңсыды?

- «ВитЭнмен» ойынның екінші таймында алаңдағы төрттіктің құрамын өзгерттік. Кака әртүрлі комбинацияларды, үй тапсырмаларын матч барысында тексергісі келді. Бір сәтте қарсылас бізге өте қатты қысым жасай бастады. Беларусь ойыншылары үлкен тәуекелге барды, және бұл тәуекел өзін ақтай бастады. Бірақ біздің командалардың - «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының деңгейі жоғары, оңайлықпен жеңіле салмайды.

- Беларусь құрамасымен өткен бірінші матчта жергілікті футболшылар нәтижелі ойын көрсетті. Бұл қарсыластың деңгейі төмен екенін білдіре ме, әлде біздің жігіттердің шеберлігі өсті ме?

- Жергілікті футболшыларға келетін болсақ, олар әрдайым алаңда өнер көрсетеді. Кака оларға өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Мен әрдайым айтып жүремін: біздің жігіттер керемет мықты ойыншылармен бірге жаттығу жасап, матчтарға қатысып жүр. Сондықтан олар халықаралық деңгейдегі ойындарға шыққанда ешқандай саспай, жоғары деңгейде өнер көрсете алады. 

Біздің жігіттер алаңға шығып, жайбарақат ойнайды. Өйткені олар жұлдыздармен бір деңгейде, кейде олардан да жақсы жұмыс істейді. Сондықтан қазақстандық ойыншылар бәріне дайын. Әрине, кейде көп жаттығу керек болады. Ал ұлттық құраманың ойындарына дайындалуға уақыт өте аз. Бірақ Құдайдың көмегімен барлық кемшіліктер жойылып, біз өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткіземіз деп сенемін.

- Чемпиондар лигасының лигасы жайлы айтсақ, «Қайрат» португалиялық «Бенфикамен» кездеседі.

- «Қайраттың» міндеті - УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алу. Біздің кіммен кездесетініміз маңызды емес. Қалай болғанда да, мықты қарсыласқа қарсы тұратынымыз анық еді. Тағы да айтамын: біздің мақсат - Чемпиондар лигасын жеңіп алу. Сондықтан бір олардан емес, олар бізден қорықуы керек.

- «Қайраттың» көптеген ойыншысы Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Еуроға іріктеу турнирі мен Чемпиондар лигасында қатар ойнау «Бенфикамен» матчқа кедергі болмай ма?

- Бұл жағдай бізге байтаныс емес. Қазір халықаралық күнтізбе өте тығыз, ұлттық құрамалар мен Чемпиондар лигасының матчтары өтіп жатыр. Біз бұған дейін де осындай сынақтардан өттік. Әрине, кейбір жарыстардың қабаттасып қалатын кезі болады. Бірақ бұл қазақстандық ойыншыларға күш түсірмейді деп сенімемін.

Егер Қазақстан құрамасы Беларусь пен Венгрияға қарсы ойынды сәтті өткізсе, кейінгі кездесулерде «Қайраттың» жетекші ойыншыларына демалуға мүмкіндік бере аламыз. Бұл жоспар Каканың ойында бар. Ол мұны ойыншыларға түсіндіреді, бәріміз сол жоспарды бірге орындауға тырысамыз.

- «Қайрат» үшін идеалды маусым?

- Бәрі стандартты: Кубок, Суперкубок, Қазақстан чемпионатын және, әрине, УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңіп алу. Ал ұлттық құрамаға келетін болсақ, біз биыл әлем чемпионы, содан кейін 2022 жылғы Еуропа чемпионы болсақ дейміз. Ең болмағанда, екі турнирде де жүлде алуды жоспарлап отырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или