Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан қонақта Беларусь құрамасын жеңді
2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Беларусьпен ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Бас бапкер Кака келесі құрамды шығарды: Игита, Тайнан, Нұрғожин, Лео, Дуглас Жуниор - Байдулла, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Тұрсағұлов, Досов, Оразов, Сарбасов.
Қазақстандықтар бірінші таймда екі, екінші таймда төрт доп соқты. Алаң иелері нәтижелі бір соққымен ғана жауап берді.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 6 сәуірде Венгрияға қарсы қонақта өткізеді.
Беларусь - Қазақстан 1:6 (0:2)
Голдар: Нұрғожин 7 (0:1), Тұрсағұлов 17 (0:2), Тайнан 23 (0:3), Матвеенко 24 (1:3), Дуглас Жуниор 29 (1:4), Лео 33 (1: 5) , Тұрсағұлов 37 (1: 6)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или