«Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков марапатталды

«Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков марапатталды

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбековті Ресей футбол одағы (РФ) спортты дамытуға қосқан үлессі үшін марапаттады, деп жазады Prosports.kz.

Қайрат Айтмолдаұлы «Ұлттық футболды дамытудағы қызметі үшін» төсбелгісінің лауреаты атанды.

Айта кетейік, Оразбеков - белсенді спорт функционері. «Қайрат» ол кісінің басшылығымен клубтық әлем чемпионы атанды, екі рет УЕФА Кубогының және төрт рет Еременко Кубогының иегері болды. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында, Кубогында және Суперкубогында жеңіске жету бойынша рекорд жасады.

Оразбеков сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының футзал және жағажай футбол комитетінің мүшесі, «Футболдан Қазақстан Республикасының ұлттық дәрежедегі төрешісі» атағына ие және Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Алтын орденінің иегері. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или