Әлем футболы

«Реал» президенті коронавирустан айықты

«Реал» президенті коронавирустан айықты
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының президенті Флорентино Перес коронавирустан айықты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы мадирдтік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Функционер соңғы екі күнде екі мәрте инфекцияға арналған сынақ тапсырды. Екі сынақ та теріс нәтиже көрсетті. Перес Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясындағы «Аталантаға» қарсы ойын өтетін Италияға командамен бірге бармайды. Бірақ бүгін команда мүшелерімен кездеседі.

Айта кетейік, Перестің коронавирус жұқтырғаны 2 ақпанда белгілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер