Футзал

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ширек финалда «Бенфикамен» кездеседі

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ширек финалда «Бенфикамен» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан алматылық «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды, Prosports.kz.

Кака шәкірттері ширек финалда португалиялық «Бенфикамен» кездеседі.

Сегіз команда 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Беларусьтегі «Минск-Аренада» Еуропаның үздік клубы атағына таласады.

Кеше 1/8 финалда «Қайрат» румыниялық «Юнайтед Галацты» 6:1 есебімен ұтқан еді.

Ал, «Ақтөбені» жарыстан шығарып тастаған «Добовец» азулы «Барселонамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер