«Қайраттың» бапкері команданың Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтты

«Қайраттың» бапкері команданың Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтты

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Кака Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясында өтетін румыниялық «Юнайтед Галац» командасына матч алдында сұхбат берді, деп жазады Prosports.kz.

Тәлімгер команданың дайындығы және жарақат алған ойыншылар жайлы айтты. 

- Қарсыласты Алматыда қабылдау командаға артықшылық бере ме?

- Иә, әрине. Өз алаңымызда дайындық өткіземіз, жол жүруге уақыт жоғалтпаймыз. Оның үстіне, бізде уақыт белдеуінің айырмашылығы болмайды.

- Өз алаңындағы ойын «Қайраттың» тактикасына әсер ете ме?

- Әсер етпейді деп ойлаймын. Өз алаңымызда да, қонақта да 40*20 алаңда өнер көрсетеміз. Әрине, егер алаңның өлшемінде айырмашылық болса, онда бұл басқа мәселе болар еді. Бірақ, біз ешнәрсені өзгертпейміз.

- Команда құрамында қиындықтар бар ма? Ойыншылардың бәрі жарақаттан аман ба?

- Ойыншыларымының барлығының жарақаттан аман болған бірде-бір кезі есімде жоқ. Бірнеше жігіт кішігірім жарақат алған. Бірақ ойынға әлі 4-5 күн бар, және осы уақыт ішінде көп нәрсе өзгеруі мүмкін.

- Умбертоның командаға бейімделуі қалай жүріп жатыр?

- Ол қай командаға болса да тез бейімделетін ойыншы. Біріншіден, оның кәсіби деңгейі және футзалды түсінуі өте жоғары. Екіншіден, оның адами қасиеттері де өте керемет. Сондықтан ол біздің командаға толығымен сіңісіп үлгерді.

- Румыниялық клубты толық танып үлгердіңіз бе? Олардың мықты жақтары мен әлсіз жақтары жайлы не айтасыз?

- Біз олардың көптеген ойынын тамашаладық. Ойыншыларының техникалық деңгейі жақсы, бірақ олардың лигасының жылдамдығы басқаша. Біз жылдамырақ ойнауға үйреніп қалғамыз.

- «Қайраттың» дайындық деңгейін пайыздық көрсеткішпен бағаласаңыз.

- Бүгінгі жағдай бойынша (16 ақпан - Prosports.kz) 60-70%.

Айта кетейік, румыниялық командамен кездесу 20 ақпанда елорда уақытымен 18:00-де басталады. Кездесу Алматы облысындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или