«Рафиков - менің деңгейімдегі файтер емес». Хамитов NFC басшысына жауап берді

«Рафиков - менің деңгейімдегі файтер емес». Хамитов NFC басшысына жауап берді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Нұрбек Қарабалаевтың мәлімдемесіне наразылық білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Найман» бұл туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Еске сала кетейік, 29 қаңтарда NFC-28 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін лиганың жаңа чемпионы Фаниль Рафиков Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырған. Кейін NFC президенті Нұрбек Қарабалаев Қуатпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуден кейін Қарабалаев NFC Хамитов пен Рафиков арасында жекпе-жек ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді.

Ал Хамитов өз кезегінде Рафиковтің деңгейі төмен файтер екенін айтып, оның командасы пиар жасап отыр деп мәлімдеді.  

«Мен пікірлерді оқыдым, әрі олардың жауабын мүлдем түсінбедім. Аталған файтер мені жекпе-жекке шақырды, нақты мәлімдеме жасады. Біз дайын екенімізді айттық, тіпті кездесу өтетін нақты күнді атадық. Ал олар бізге нақты жауап берудің орнына, мені саясаткер деп атап, менің қазақстандық ММА спортына сіңірген қызметім туралы айтып отыр. Одан да ол файтердің менің деңгейімде емес екенін, менің атымды пайдаланып өздеріне пиар жасағалы отырғанын мойындағаны жөн еді», - деп жазды ол.

 

<h4>Қуат Хамитов: Саяси партия ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или