ММА

Қуат Хамитов: Саяси партия ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз

Қуат Хамитов: Саяси партия ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Prosports.kzсайтына берген сұхбатында жекпе-жегі жайлы және саясат турасында айтты.

- Бұған дейін денсаулығымды күтіп, операцияға дайындаламын деген едіңіз. Оған дейін жекпе-жек өткізіп үлгересіз бе?

- Үлгеремін деп үміттенемін. Рамазан айына дейін жекпе-жек өткізіп, артынша бірден операция жасатамын. Өйткені қайта қалпыма келу үшін уақыт қажет. Жазға дейін кем дегенде екі жекпе-жек өткізсем деймін.

- Naiza Fighter Championship президентімен кездескен едіңіз. Жекпе-жекті осы промоушенде өткізгелі жатырсыз ба?

- Жоқ, NFC промоушенінде жұдырықтаспаймын. Ол кісімен кездестім, бірақ ешқандай нақты қадам жасалған жоқ.

- Осы ұйымның чемпионы Фаниль Рафиковты сол қолмен ғана жұдырықтасып жүріп жеңемін деп ойлайсыз ба?

- 100%. Егер ол шынымен мықты болса 10 сәуірде жекпе-жек өткізейік дедім. Бірақ олар тек пиар жасағылары келген секілді. Өйткені іске келгенде үндемей қалды.

- Саяси партия ашу жөніндегі жұмысыңыз қалай болып жатыр?

- Сотты болғаныма байланысты қазір партия ашуыма тыйым салынған. Бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз. Түрлі нұсқаны қарастырып, бұл бағытты зерттеудеміз.

- Сотты болуыңыз кәсіби мансабыңызға кері әсерін тигізіп жатқан жоқ па?

- Қатты бір әсері бар дей алмаймын. Кез келген қиындықтан басымды тіке көтеріп жеңеміз деп ойлаймын. Әрине, жекпе-жектерімді шетелде өткізе алмаймын. Бірақ бұл уақыт та артта қалады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер