ММА

Нурмагомедов чемпиондық атақтан бас тарта ма?

Нурмагомедов чемпиондық атақтан бас тарта ма?
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт Хабиб Нурмагомедовтің чемпиондық атақтан бас тартқысы келетіні туралы мәлімдемесі және Дастин Порьені жеңіл салмақтағы чемпиондыққа лайық файтер санайтыны жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Егер чемпиондыққа кім лайық екені туралы айтатын болсақ, менің ойымша, бәрін жеңген файтер чемпион болуға лайықты. Хабиб Конорды жеңді, Хабиб Дастинді жеңді - демек, қазіргі сәттегі чемпион - Хабиб. Егер одан кейін чемпион болуға лайықты жігіттерді атау керек болса, бізде Порье, Гэйтжи, Оливейра, Чендлер секілді мықтылар бар. Сондай-ақ, Тони Фергюсон мен Конор МакГрегор де бар», - деді ұйым басшысы.

Сонымен қатар, UFC басшысы жеңіліп көрмеген ресейлік файтермен тағы бір кездесу өткізетіні туралы ақпаратты растады.

«Біз титулды вакантты деп жариялап, бос белбеу үшін жекпе-жек өткізгіміз келмейді. Хабиб - біздің чемпион. Ол Вегасқа келеді. Онымен ақылдасып, әрі қарай не болатынын шешеміз», - деді Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер