«Басында ашуыма тиетін. Кейін жұртпен таласудың пайдасыз екенін түсіндім»

«Басында ашуыма тиетін. Кейін жұртпен таласудың пайдасыз екенін түсіндім»

Белгілі қазақстандық файтер, UFC жауынгері Шавкат Рахмонов ұлты туралы даудың нүктесін қойды.

ММА жанкүйерлерінің көбі «Шавкат Рахмоновтың ұлты қандай?» деп ойлаған шығар. Шавкат - қазақтар арасында сирек кездесетін есім, Рахмоновтың Өзбекстанда туғанына байланысты оны өзбек деп санайтындар бар. Файтер Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында бұл мәселеге нүкте қойды.

Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстан оңтүстігінде туған. 2010 жылы Қарағандыға көшіп барған. 2014 жылы кәсіпқой ММА-де дебютін өткізіп, 2019 жылы наурызда М-1 Global чемпионы атанған. Былтырғы қазанда UFC-де алғашқы жекпе-жегіне шығып, бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген болатын. UNDERDOG спорт агенттігінің нұсқасы бойынша «2020 жылдың үздік файтері» атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или