Велоспорт

"Джиро д'Италия" веложарысы Туринде басталады

news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан биылғы "Джиро д'Италия" көпкүндігі Туринде басталады. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында хабарланған деп жазады Olympic.kz.

Веложарыстың бірінші кезеңі 8 мамырда өтеді. Гранд-турдың Пьемонт провинциясында басталуы Италия бірігуінің 160 жылдығына арналып отыр.

Әйгілі велододаның Ступиниджиден басталып, Новарадан аяқталатын екінші кезеңі 173 шақырымға созылмақ. «Джиро» көпкүндігінің 20-ы кезеңі Пьемонтеде өтеді.

Айта кетелік, 2020 жылғы "Джиро д'Италия" додасында ұлыбританиялық Тео Гейген Харт жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер