Велоспорт

«Мурсия Вуэльтасы» үш ай кейінге шегерілді

«Мурсия Вуэльтасы» үш ай кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Екі күндік «Вуэльта Мурсияның» ұйымдастырушылары Испанияда COVID-19 эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына байланысты жарысты ақпаннан мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазіргі COVID-19 жағдайы бізді Вуэльта Циклиста-ла-Регион де Мурсия - Гран Премио Банко Сабаделл жарысын кейінге қалдыруға мәжбүр етеді. Біз 21-22 мамырды балама күндер ретінде ұсындық», - деп жазады жарыстың ресми Twitter-і.

«Бұл өте қиын шешім болды, өйткені жарысты өткізуге толық дайын едік.

Бірақ біз бұл шешімді COVID-19 дағдарысы жағдайында қабылдадық және әрдайым қолдау көрсетіп келген барлық демеушілермен келістік.

Аурудан зардап шеккендерге және күн сайын пандемиямен бетпе-бет келетін денсаулық сақтау қызметкерлеріне қолдау көрсететін кез келді. Жақында кездескенше», - деді Вуэльта-Мурсияның баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер