Қазақстан құрамасы Израильде өтетін Евро-2022 іріктеу матчына ұшып кете алмады

Қазақстан құрамасы Израильде өтетін Евро-2022 іріктеу матчына ұшып кете алмады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына бара алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің ұлттық команда бүгін Тель-Авивке ұшуы керек еді, бірақ матч өтуі керек болған Израиль елінің билігі елдегі коронавирустың жаңа өршуіне байланысты Бен-Гурион халықаралық әуежайын бір аптаға жабу туралы шешім қабылдады.

Осылайша, 28 қаңтарға жоспарланған Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы Еуро-2022 іріктеу матчы кейінгі қалды.

Егер ойын 2 ақпанға дейін өтпейтін болса, Израиль құрамасы техникалық жеңіліске ұшырайды.

Енді УЕФА екі елдің футбол федерацияларымен бірге жедел түрде осы матчтың уақыты мен орны туралы келісуге тырысуда. Ойынның Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 5-топтың іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Венгрияны 5:0 есебімен жеңсе, израильдіктер іөз алаңында Беларусьтен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или