Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кетті

Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кетті

Қазақстан велоспорты федерациясының президенті Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кететін болды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Әлемде болып жатқан күрделі экономикалық дағдарыс кезеңінде Ұлттық банкке тапсырылған міндеттерді өз деңгейінде орындау үшін барымды салуым тиіс. Сол себепті Федерация басшылығынан өз еркіммен кетуді ұйғардым», - дейді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Велоспорт федерациясының жаңа президенті жақын арада есеп беруге арнап өткізілетін конференцияда жария етіледі. Айта кету керек, Қайрат Келімбетов Федерацияны басқарып тұрған уақытта қол жеткен негізгі жетістік – Александр Винокуровтың Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленуі болды.

Сонымен қатар, «Астана» велокомандасы соңғы жылдары халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп келеді.

Естеріңізде болса, Қайрат Келімбетов «Тур де Франс» велокөпкүндігінің алғашқы кезеңін Қазақстанда өткізу туралы бастама көтерген болатын.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или