Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» қақпашысы өткен аптаның үздігі атанды

ҚХЛ: «Барыс» қақпашысы өткен аптаның үздігі атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» клубының швед қақпашысы Хенрик Карлссон мансабында екінші рет КХЛ чемпионатында аптаның үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен аптада ҚХЛ-да 24 ойын өтті, оған 538 хоккейші қатысты (36 қақпашы, 181 қорғаушы және 321 шабуылшы). Бір ойында орташа есеппен 5,71 гол соғылды.

Хенрик Карлссон командасының өткен аптада өткізген үш ойынында да жеңіске жетуге көмектесті. Карлссон қорғаған қақпаға қарсыластар 93 соққы жасады (бір ойынға орта есеппен 31), оның 94,62 пайызын Карллсон қайтарды.

Карлссон алғаш рет 2016/2017 маусымында аптаның үздік қақпашысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер