Octagon 15: «Оққағар мектеп мұғалімімен кездеседі»
27 қаңтарда Алматыда Octagon қазақстандық промоушенінің ұйымдастыруымен Octagon 15 турнирі өтеді. Кештің негізгі жекпе-жегінде ауыр салмақтағы файтер Ілияс Елеусінов өнер көрсетеді.
Спортшы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында неге ММА жолын таңдағанын, жекпе-жек өнеріндегі қиындықтар туралы, сондай-ақ алдағы бірнеше жылға арналған жоспары туралы айтты.
Октагон 15 турнирінің басты жекпе-жегінде 26 жастағы Елеусінов (0-1) 25 жастағы Александр Крольмен (0-1) кездеседі. Айта кетерлгі, Ілияс 2018 жылдың сәуір айынан бері бірінші жекпе-жек өткізгелі отыр.
«Ережесіз жекпе-жек спортындағы кәсіпқой мансабымды 2017 жылы бастадым. Бастапқыда самбомен айналысып, кейінірек ММА-ға бет бұрдым. Өзбекстан тумасымын, бала кезімнен кумирім Федор Емельяненко өнер көрсететін PRIDE турнирлерін көріп өстім.
Әу баста бокспен айналыса бастадым, бірақ нәтиже болмағандықтан одан бас тарттым. Күреске ауысқаннан кейін жетістіктерге жете бастадым. болды. Азия чемпионатын жеңіп алдым. 2013 жылы Қазақстанға көшіп келдім. Бірақ бұл кезең оңай болған жоқ. Спорт екінші планға түсті, өйткені ақша табу керек болды. Сол жылы Петропавлда күрестен жарысқа қатысу ұсынылып, бәрін басынан бастадым. Екі жылдан кейін күрестегі мансабымды аяқтап, ММА-ға ауысуға бел будым. Аралас жекпе-жектен өнер көрсетемін деп ойлаған емеспін. Бірақ 2016 жылдан бастап ММА-мен толықтай айналыса бастадым. Әрине жеңістер мен жеңілістер болды, бәріне бірден қол жеткен жоқ.
- 2020 жыл файтерлер үшін өте қиын жыл болды?
- Иә, қиын болды, ең алдымен қаржылық тұрғыдан. Жұмыс істеу керек, жаттығу да оңай емес. Октагонға шыққыңыз келеді. Тіпті алда не болатыны туралы күмән да болды. Бірақ бәрі орнына келе бастады. Көптен бері дайындалған жоқпын, бірақ қазір бәрі жақсы.
- Ұзақ үзілістен кейін октагонға оралғалы отырсыз?
- Өте қызықты сәт. Мазасызданатын кездер болады, бірақ өзің тыныштандыруға тырысасыз. Мен жаттығуды жұмыспен ұштастырамын және менің мансабыма ештеңе кедергі болмайтындай тепе-теңдік таптым. Бес жылдан кейін мен өзімді жаңа деңгейде, батыстық промоушендерде көргім келеді. 30 жасымда мансабымның билік белесіне жетемін деген өте оптимистік ойдамын.
Әрине, қорқыныш бар. Қорқыныш әрбір спортшыда болады. Майк Тайсон айтқандай: «Рингке есі ауысқан файтер ғана қорықпай шығады». Қорқыныш барлығында болады, бірақ октагонға шыққанда бәрі жоғалады.
- Александр Кроль қарсыласына қысым көрсетіп, алға ұмтылғанды ұнатады. Көрерменді қандай нәтиже күтіп тұр?
- Қарсыласым өте жақсы файтер. Жекпе-жек қалай аяқталады? Бұл сегізбұрышта анықталады. Мен ұзақ үзілістен кейін өзімді сынап көргім келеді. Александрға сәттілік, бірақ жеңімпаз біреу ғана болары анық. Мен жеңіске жету үшін ғана шығамын.
мен жеңіске жету үшін.
- Әрине, кез-келген файтер батыстық промоушендерде өнер көрсеткісі келеді?
- UFC туралы әлі ойлаған жоқпын. Калифорниядағы АКА спортзалында Кейн Веласкес, Даниэль Кормье және Хабиб Нурмагомедов секілді мықтылармен жаттыққым келеді.
Айта кетейік, Octagon 15 турнирінің басты жекпе-жекгінде екі қазақстандық файтер - Сағындық Мұқанов (8-3) пен Бауыржан Қуанышбаев (5-2) кездеседі. Олар жартылай орта салмақтағы (77 келі) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.