Қысқы

Қазақстандық спортшылар алдағы шараларды Николай Чеботькаға арнамақ

Қазақстандық спортшылар алдағы шараларды Николай Чеботькаға арнамақ
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 24 қаңтарда, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько дүниеден өтті. Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын төрт Олимпиада ойынының қатысушысының құрметіне арнайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

#TEAMKZ атлеттері жарыс алаңына арнайы қаралы лентамен шығады. Осы күндері Әлем кубогі өтіп жатқан Нидерландыда конькимен сырғанаушылар бірінші болып құрмет көрсетті. Содан соң биатлон бойынша Қазақстан командасына қосылады.

Шаңғы акробатикасы бойынша Қазақстан комадасы Беларусьте өтетін Әлем кубогі сатысында Чеботьконы еске алады.

Естеріңізге сала кетейік, Николай Чеботько 38 жасында өмірден озды. Төрт Олимпиада ойынының қатысушысы жол көлік апаты салдарынан көз жұмды. Жол апаты 24 қаңтарда Бурабай ауылы (Ақмола облысы) маңында болды.

Шаңғышы кез келген аралықта жарысқа қатыса алатын әмбебап болатын. 2013 жылы Валь-Ди-Фьеммеде ол әлем чемпионаты пьедесталының (командалық спринт) үшінші сатысына көтелілді. Оның қоржынында Азиа ойындарынан төрт күміс және екі қола медаль бар. Әлем кубогында Чеботько 2001 жылы желтоқсанда алғаш өнер көрсеткен болатын. 2012 жылы Квебекте Әлем кубогының үшінші сатысында (Денис Волоткамен бірге) тарихи медиальді еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер