Қазақстан футболының дамуына зор үлес қосқан Қайрат Оразбековты АФФ естелік орденімен марапаттады

Алматы футбол федерациясы «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбековты еліміздегі футболдың дамуына зор үлес қосқаны үшін «Алматы футбол федерациясына жиырма жыл» естелік орденімен марапаттады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Марапаттау рәсімін Алматы футбол федерациясының президенті Андрей Костогрызов бастады: «Алматы футбол федерациясына жиырма жыл толды. Осыған орай Алматы қаласы мен еліміздегі футболдың дамуына еңбек сіңірген адамдарды естелік сыйлықпен марапаттауды дұрыс деп шештік. «Қайрат» футзал клубы отанымызда ғана емес, басқа елдерде де өте танымал. Демек, бұған өз үлесін қосқан Қайрат Оразбековты естелік сыйлығымен марапаттағанды жөн деп санадық».

«Қайраттың» президенті АФФ-ның берген сыйлығына риза болды: «Алматы футбол федерациясы мен оның қазіргі және бұрынғы президенттеріне алғысымды білдіремін. Ең мықты жанкүйерлер – Алматыда, солардың арқасында үлкен мен кіші «Қайрат» өмір сүруде. Сондай-ақ, қалалық жарыстар мен балалар футбол мектептерін көптеп салуына көмектесіп жатқан алматы ассоциациясына көп рахмет айтамын. Мен үшін бұл орденнің иесі болу үлкен құрмет».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или