Футзал

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде қазақстандық екі клуб - «Қайрат» пен «Ақтөбе» өнер көрсетеді. Жеребе алдында біздің екі команда да еленгендер тізмінде болды.

Жеребе қорытындысы бойынша, «Қайратқа» Румыния чемпионы «Юнайтед Галац» командасы қарсылас атанды. Кездесу Алматы қаласында өтеді.

Ал «Ақтөбе» Словения чемпионы «Добовец» командасымен кездеседі. Бұл ойын да Қазақстанда өтеді.

Айта кетерлігі, Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеңімпаздары бір матчта анықталады. Кездесулер 16-21 ақпан аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, 1/16 финалда «Қайрат» сырт алаңда беларусьтік «Витенді» 5:3 есебімен жеңді. Ал «Ақтөбе» қонақта грекиялық АЕК-ті жарыс жолынан шығарды. Есеп - 5:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер