Велоспорт

Bora — Hansgrohe велокомандасының шабандоздарын көлік қағып кетті

Bora — Hansgrohe велокомандасының шабандоздарын көлік қағып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Италияның солтүстігінде Bora — Hansgrohe велокомандасының шабандоздарын көлік қағып кеткен. Оқиға Гарда көлінің жанында болды. Бұл туралы велокоманданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топта жеті велосипедші болған еді. Вилко Келдерман, Рудигере Селиге және Андреас Шиллингер ауруханаға түсті. Селиге және Келдерманның миы шайқалған деген күдік бар. Қалған төрт шабандоз команда орналасқан қонақ үйге оралды.

Команда өкілдері медицина қызметкерлерінің спортшылардың жарақаттарын тексеріп жатқанын айтты.

Фотосурет Chiara Redaschi / twitter.com/BORAhansgrohe тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер