Георгий Кичигин АСА 118 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Георгий Кичигин АСА 118 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Георгий Кичигин (24-6-0) 26 ақпанда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АСА 118 турнирінде Георгий Кичигин рейтингте үшінші тұрған, Fight Nights Global бұрынғы чемпионы Гаджимурад Хирамагомедовке (9-4) қарсы жұдырықтасады.

Екі спортшы бұған дейін жекпе-жек өткізген. 2017 жылы қазақстандық файтер қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. 

19 қыркүйекте Ресей астанасында Кичигин (24-6) ACA лигасында өзінің алғашқы айқасын өткізіп, тәжікстандық Мамуржон Хамдамовты жеңген еді.

Еске салайық, қазақстандық сарбаздар Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы және Георгий Кичигин ACA 111 турниріне «ШАХ» компаниясының қолдауымен қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или