Кака: Командада ешқандай қобалжу жоқ

Кака: Командада ешқандай қобалжу жоқ

«Қайрат» АФК бас бапкері Кака УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясында өтетін «ВитЭнге» қарсы матчта қатысты пікірін білдірді. 

– «ВитЭнге» қарсы шабуылшысыз ойнайтын жоспарыңыз бар ма?

– «Қайрат» шабуылшысыз қалды деп айтпас едім. Бізде шабуыл шебінде ойнай алатын Тұрсағұлов пен Ақбалықов бар. Әрине, Эдсон, Фернандиньо мен Гадейяның жоқтығы әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ мен қатарда бар ойыншыларға толық сенемін.

– Үш бірдей көшбасшы ойыншы қатардан шығып қалды. Бұл командаға қалай әсер етті?

– Ешқандай қобалжу жоқ! Команда қалай ойнау керегін жақсы біледі. Иә, біз үш ойыншымыздан айырылдық. Бірақ оларсыз да команда сапында халықаралық дәрежеде ойнаған Қазақстан құрамасының өкілдері бар. 

– Сырқаттанып қалуына байланысты біраз уақыт ойнамаған Игитаның жағдайы қалай?

- Игита толық жазылды. Қазір жаттығып жүр. Бабына келіп үлгергені қуантады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или