Бокс

Үш қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогы» турнирінің финалына шықты

Үш қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогы» турнирінің финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық үш боксшы әйелдер арасындағы "Ұлттар кубогы" халықаралық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Сербияда әйелдер арасындағы "Ұлттар кубогы" халықаралық бәсекесінің алғашқы финалистері анықталды. Жартылай финалдық кездесу нәтижесі бойынша үш қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. 60 келіде Римма Волосенко жартылай финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, финалға шықты. Ал 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева чехиялық спортшыдан басым түсті.

Айта кетейік, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлсая Ержан жеребе нәтижесі бойынша автоматты түрде финалист атанған болатын. 69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Валентина Халзова жартылай финалда түркиялық әлем чемпионы Бусеназ Сурменелиге жол беріп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары, атап айтқанда, Арайлым Марат, Дина Жоламан және Владислава Кухта финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер