Чемпиондар лигасы. «Қайрат» АФК Могилевке ұшып келіп, алғашқы жаттығуын өткізді

16 қаңтарда «Қайрат» АФК Могилевте (Беларусь) Чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясында Орша қаласының «Витэн» мини-футбол клубымен кездеседі. Алматылық футзалшылар Могилевтегі «Олимпиец» спорт кешенінде алғашқы жаттығуларын өткізіп үлгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайраттың» ойынын @qazsporttvkz телеарнасы көрсетеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Айта кетелік, «Қайрат» пен «Витэн» 2013–2014 маусымында УЕФА кубогында кездескен. Элиталық раундта біздің клуб қарсыласты 9:0 есебімен жеңген еді.