Футзал

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Беларусь еліне шабуылшысыз аттанады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Беларусь еліне шабуылшысыз аттанады
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтына белгілі болуынша, «Қайрат» футзал клубының үш ойыншысының COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сондықтан олар УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясындағы «ВитЭнге» қарсы матчқа қатыспайды.

Анықырақ айтақнда, «Қайраттың» Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсету мақсатында алған шабуылшылары - Фернандиньо, Эдсоне және Гадейе коронавирус жұқтырып алды. Үшеуі де Алматыда қалып, Беларусь еліне аттанбайды.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына берілер жолдама тағдыры бір ойында шешіледі. «Қайрат» 16 қаңтарда сырт алаңда матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер