«Қайратты» Чемпиондар лигасының матчы күтіп тұр

«Қайратты» Чемпиондар лигасының матчы күтіп тұр

16 қаңтарда «Қайрат» АФК футзалдан Еуропадағы ең басты клубтық турнирдің жаңа маусымын бастайды. Чемпиондар лигасы 1/16 финалының жеребесі бойынша алматылық клуб Орша қаласының «Витэн» командасымен кездеседі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Бұл кездесу бір матч форматында Беларусьтің Могилев қаласында 2021 жылдың 16 қаңтарында өтеді. УЕФА ережелеріне сәйкес барлық матч көрермендерсіз болады.

«Қайраттың» матчын тікелей эфирде 16 қаңтарда @qazsporttvkz<span> көрсетеді.</span> Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

«Қайрат» пен «Витэн» 2013-2014 жылғы маусымда УЕФА кубогында кездескен. Алматыдағы Элиталық кезеңде қазақстандық клуб қарсыласын 9:0 есебімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или