«Әкімдер Тоқаевтың жарлығын мүлде қате түсіндіріп отыр». «Қайрат» АФК қожайыны қазақстандық футзал клубтары бюджетінің қысқартылуына қарсы
«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан футболдынағы реформаға қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол онсыз да аз бюджетті қысқарту футзал клубтарының жойылуына әкеп соғады дейді.
- Әкімдердің футзал (мини-футбол) клубтарының бюджетін қысқарту туралы шешімі мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл Қазақстан Президентінің жолдауын қате түсіндіру екені анық. Футзал клубтары қазірдің өзінде үлкен футболмен салыстырғанда ең аз бюджетке ие. Ал УЕФА аясындағы халықаралық турнирлердегі нәтижелері мен ел тұрғындары арасындағы футзалдың бұқаралық сипатын салыстыруға да келмейді. Президенттің де айтқаны осы емес пе: спорт түрінің бұқара арасында кең таралуы мен қолжетімділігі! Біз алда футзалдың элиталық деңгейін қазақстандық менеджерлер мен мамандардың қол жеткізген нәтижесінен толық айырылып қалуымыз ғажап емес. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық футзал әлемде 7-орында тұр, деп ашынады Оразбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой спортқа мемлекеттік шығындарды азайту керегін айтқан болатын. Шенеуніктер футбол клубтарына бөлінетін мемлекеттің ақшасын жылына 800 миллион теңгеге дейін қысқартуды ұсынды. Бұл мөлшерден артық қаражатты қазынадан беру мүмкін емес деп санайды олар.
Заң әлі күшіне енген жоқ, бірақ әкімдер бюджеттерді қысқартуға кірісті. Балалар, жастар және футзал клубтарының бюджеті ең бірінші болып қысқарып жатыр. Олар не жабылады, не аз ғана қаражатқа ие болмақ. Сонымен қатар, Тоқаев жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығы туралы айтқан еді. Футзал клубтары үлкен футбол командалары тіпті армандай алмайтын нәтижелерге қол жеткізіп отыр.