«Біздің мақсат - үздік сегіз команданың қатарына кіру». «Ақтөбе» басшысы Чемпиондар лигасындағы міндеттерді жариялады
16 қаңтарда «Ақтөбе» футзалшылары Афиныда Чемпиондар лигасының 1/16 финалында жергілікті АЕК командасымен ойнайды. Ақтөбе клубының басшысы Мәлік Имамырзин осы ойынға дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Ақтөбе клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Дайындық қызу жүріп жатыр. Ұлттық чемпионаттың үшінші турының соңында біз ойыншыларға біраз тынығу бердік. Алайда, қазіргі уақытта жаңа жылдық демалыстан кейін жаттығулар күніне екі рет өтеді.
-Ойыншылардың бәрі дайын ба? Қандай футзалшылар жарақатына байланысты ойнай алмайды?
- Өкінішке қарай, жарақатына байланысты матчқа қатыса алмайтын ойыншы бар, ол - Евгений Валенко. Евгенийге жуырда Алматыда ауыр ота жасалды. Оның қашан оралатыны әлі белгісіз.
- Команданың Чемпиондар лигасындағы мақсаты қандай?
- Біздің мақсат - Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту, үздік сегіз команданың қатарына кіру. Қазір қаралымда 2-3 жаңа адам бар. Олардың бірі - Бразилиядан келген ойыншы. Менің ойымша, бас бапкер командаға өзі лайықты деп санайтын ойыншыларды алады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында АЕК Чемпиондар лигасының бастапқы турында әзірбайжандық «Аразды» жеңген болатын.
«Ақтөбе» өз кезегінде 1/16 финалға тікелей жолдама алды.