Бокс

Андраде орта салмақтағы әлем чемпиондарын жаңа жылмен құттықтады

Андраде орта салмақтағы әлем чемпиондарын жаңа жылмен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) твиттер желісінде жаңа жылдық құттықтауын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Оның құттықтауы орта салмақта өзге тұжырымдар бойынша чемпиондық белбеу иегерлері: қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO), америкалық Джермалл Чарло (WBC), мексикалық Сауль Альварес (WBA Super), сондай-ақ екінші орта салмақта WBO тұжырымы әлем чемпионы, британиялық Билли Джо Сондерс және АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа арналды.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңғы күндерінде Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Головкин мен Андраде арасында жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер