Кака: «Қайрат» әлі де жоғары деңгейдегі ойын көрсете алмай жүр
«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Кака өз командасының ұлттық чемпионаттың үшінші бөлігіндегі ойынына баға беріп, маусымның қалған бөлігіне арналған тапсырмалар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
- «Қайрат» чемпионаттың үшінші бөлігінде 8 матчта 8 жеңіске қол жеткізді. Нәтижеге көңіліңіз толатыны анық. Бірақ команданың жұмысында кемшіліктер бар ма?
- Иә, біз ұпай жоғалтпай келе жатырмыз. Бұл жақсы, нәтиже, жауапкершілік тұрғысынан менің шағымыз жоқ. Ойыншылар жаңа, қиын кестеге бой үйретті. Ойынға келетін болсақ, мен толығымен қанағаттана алмаймын - қарсыластар бізді әлі максималды деңгейде әрекет етуге мәжбүрлемеді. Бірақ біз жұмыс істейміз, ойынымызды одан әрі жетілдіруге тырысамыз.
- Қай матч басқалардан гөрі есіңізде қалды?
- Мені таңқалдырған, есімде қалған «Ақтөбеге» қарсы матч(5:1 - Prosports.kz). Олар бізге айтарлықтай қарсылық танытып, өте сауатты қимылдады. Бізге жаңа тактикалық нұсқаларды қолдануға тура келді. Әрине, бұл команда үшін өте пайдалы болды.
«Бәйтерекпен» кездесу туралы айтпай кетуге болмайды (3:2 - Prosports.kz). Онда біз көптеген қателіктер жібердік. Бұл біз бірінші таймда ұтылған чемпионаттың үшінші бөлігіндегі жалғыз кездесу.
- Барлығы «Қайраттың» мерзімінен бұрын бірінші орын иеленетініне шүбә келтірмейді. Ойыншыларға тұрақты маусымды аяқтауға мотивация табу қиын бола ма?
- Біздің міндетіміз - бірінші орынға мүмкіндігінше тезірек қол жеткізу, осы жас ойыншылар мен тәжірибесі аздарға өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Чемпиондар лигасы мен Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуіне бұл қатты әсер етеді.
- Қазақстан чемпионатында бәсекелестіктің болмауы алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы шешуші ойындарға дайындалуына кедергі бола ма?
- Бәсекелестік әрқашан жақсы, және қажет. Екінші жағынан, матчтар неғұрлым маңызды болса, жарақат алу қаупі соғұрлым көп болады.