Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенінің белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Руслан Сариевтің (12-0) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Жерлесіміз 22 ақпанда Мәскеуде өтетін Eagle Fighting Championship турнирінде өнер көрсетеді. Аталған кеште Сариев ресейлік Мансур Малачиевпен (8-0) жұдырықтасады.
Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы вакантты EFC белбеуі сарапқа салынады.
Айта кетейік, Arlan MMA Pro командасының өкілі соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 25 желтоқсанында өткізген болатын. Ол кездесуде Сариев бразилиялық Матеус Браунсты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.
<h4>Асу Алмабаев: Бір айда бес қарсыласым ауысты</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или