Асу Алмабаев: Бір айда бес қарсыласым ауысты
Алматыда өткен NFC 27 турнирінің басты жекпе-жегінде Асу Алмабаев қарсыласы Дархан Сқақовты жеңіп, аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді. Prosports.kz тілшісі су жаңа чемпионмен хабарласып, сұқбат алды.
- Сқақовпен әуесқойлар арасындағы жарыстарда кездесіп, жеңгенмін. Дегенмен ол бірнеше турнирде топ жарып, тәжірибелі спортшы болды. Бұл жекпе-жекте күреске басымдық беріп, жеңіске жетемін деген жоспар жасағанмын.
- Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қарсыласыңыздың өзгеруі қалай әсер етті?
- Кейінге бір айда бес бірдей қарсыласым өзгерді. Алманбет келісімшартқа қол қойған, алайда коронавирус жұқтырғандықтан келе алмады.

- NFC-ге дейін үш жекпе-жегіңізді М-1 Global ұйымы аясында өткіздіңіз. Алдағы жоспарыңыз қандай?
- Келесі жекпе-жегімді шетелдік промоушэнді өткіземін деп жоспарлап отыр. Келісімшарт бойынша сөйлестік, тек командамен ақылдасуымыз керек.