Айдос Ербосынұлы: Суперорта салмақтағы кез-келген чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында чемпиондық жекпе-жекке жақын екенін және өз дизизионындағы кез келген боксшымен рингке шығуға дайын екенін айтты.
- Айдос, пандемияға қарамастан, сіз биыл екі жекпе-жек өткіздіңіз. Жалпы биылғы көрсеткішіңізге көңіліңіз тола ма?
- Иә, бұл жыл бүкіл әлем үшін нағыз сынақ болды. Құдайға шүкір, пандемияға қарамастан, мен екі шайқас өткіздім. Екеуінде де жеңдім. Сондықтан, өз өнеріме қанағаттанамын. Ең бастысы - нәтиже. Біз өз жұмысымызды жалғастырып, еліміздің абыройын асқақтатамыз.
- Қазіргі уақытта Boxrec рейтингінде сіз екінші орта салмақтағы ТОП-25 боксшылардың қатарындасыз.
- Шынымды айтсам, біз Boxrec-тің көрсеткішіне қарамаймыз. Бокс ұйымдарының рейтингісі маңызды. Егер сіздің атыңыз жоқ болса, онда белбеулер үшін күресе алмайсыз. Бақытыма орай, мен төрт жетекші бокс ұйымдарының (WBC, WBA, IBF, WBO) рейтингінде бармын. Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде екінші орында тұрмын.
</picture>- Жақында Канело Каллум Смитпен жекпе-жекте орта салмақтағы WBA титулын сенімді жеңіп алды. Сіз, мексикалықпен кездесуді армандайсыз ба?
- Әрине, «Канелоны» жеңіп, тарихта атыңды қалдыру тамаша болар еді. Орта салмақтағы қазақстандық көп боксшылар онымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Мен өз салмағымдағы чемпиондармен жұдырықтасуға қашан да дайынмын.
- Желтоқсан айында Мадияр Әшкеев пен Али Ахмедов алғашқы кәсіби жеңілістерін бастан өткерді. Бұл сәтсіздіктерге не себеп болды деп ойлайсыз?
- Жеңіс бар жерде әрқашан жеңіліс те болады. Сәтсіздіктің нақты себептерін боксшылардың өзінен сұрағаныңыз жөн. Кәсіпқой бокс - қиын спорт түрі. Сондықтан, біз әрқашан боксшыларымызды қолдауға тырысамыз. Жеңіліске әр түрлі себептер әсер етуі мүмкін: жарақат, дайындықтың дұрыс болмауы немесе өте қиын қарсылас.
- Сізде жетекші бокс ұйымдарының аймақтық белбеулері бар. Толық атақ үшін қашан күресуді жоспарлайсыз?
- Жақын арада деп ойлаймын. Жақсы жаңалық күтіңіздер.
</picture>- Жақында аты аңызға айналған Флойд Мейвезер мен YouTube блогері Логан Пол арасындағы бокс кеші өтеді. Мұндай көрме шайқастарына қалай қарайсыз?
- Флойд аты аңызға айналған боксшы ғана емес, сонымен қатар тамаша кәсіпкер. Ол үлкен ақша табуды біледі. Бұл шайқасты ұйымдастыруға қаржылық компонент себеп болды.
- Сіз Қазақстанда жекпе-жек жиі өткізесіз. Келесі жылы да осы дәстүрді жалғастырасыз ба?
- Әзірге белгісіз. Келесі жылы мен барынша көп жекпе-жек өткізуге тырысамын. Осы жылы үшеу деп жоспарладым, бірақ карантинге байланысты тек екі кездесу ұйымдастырылды.
- Соңғы сұрақ: сіздің ойыңызша осы жылдың ең үздік боксшысы кім?
- Бір боксшыны атау өте қиын. Мысалы, Головкин орта салмақтағы титулдарды қорғауда рекорд орнатты. Бұл тарихи оқиға деп ойлаймын. Мен Сауль Альварес пен Теренс Кроуфордты ерекше атап өткім келеді.
Еске салайық, биыл Айдос Ербосынұлы осы жылы екі жеңіске қол жеткізді: алдымен ол неміс Нуну Лавальдан (27-6, 15КО), одан кейін - ганалық Исса Самирден (19-1, 16КО) басым түсті. Енді қазақстандық боксшы екінші орта салмақта WBC Asian, WBA International және WBO Global белбеулеріне ие.
Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global титулдарын сәтті қорғады