«Қайрат» «Аяттан» басым түсті

Алматыда футзалдан RBK-Қазақстан чемпионатының жетінші туры аясында «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қос команда арасындағы алғашқы матч алматылық команданың пайдасына шешілген болатын - 12:3. Бүгінде «Қайрат» сенімді жеңіске қол жеткізе алды. Какау негізгі құрамға Лео, Игор, Дуглас пен Алешандрені шығарды. Қақпада Игита тұрды. «Аят» сапында бірінші минуттан алаңға Колес, Карлос, Андерсон, Солуменко мен қақпашы Нестеров шықты.

Тартысты өрбіген бірінші таймда алматылықтар қонақтардың қақпасына соңына дейін гол соға алмай жатты. Бірақ, бірінші кезеңнің аяқталуына қырық секунд қалғанда Игор әдемі комбинациядан кейін таблода есепті ашты.

Екінші таймның басталысымен Лео әдемі соққымен есепті еселеді. Кейін, Дуглас есепті іріге жеткізді. Әйтсе де, рудныйлықтар мінез көрсетіп Андерсон айып соққыдан есеп айырмасын қысқартты. Артынша, Андерсон дубль жасап есепті 2:3 қылдырды. Ол ойынның отыз үшінші минутына дейін Алешандре командасының төртінші голын соқты. Артынша, Лео мен Першин жалпы есепті қорытындылады – 6:2.

RBK-Қазақстан чемпионы. 7-ші тур. Екінші матч

«Қайрат» - «Аят» 6:2 (1:0)

Голдар: Игор 20, Лео 21, 39, Дуглас 24, Алешандре 33, Першин39 – Андерсон 23, 30

«Қайрат»: Игита, Балтабаев, Жаманқұлов, Игор, Сүлейменов, Же, Лео, Першин, Алешандре, Довгань, Дуглас, Смақов, Парух, Исмаилов, Маркао

«Аят»: Нестеров, Лопатюк, Карлос, К. Чеботарев, Мұрзабаев, Андерсон, Козаков, Солуменко, С. Чеботарев, Коробка, Колес

Төрешілер: Нагишкаев, Фиденталь, Н. Аббасов

2015 ж. «Қайрат» спорт кешені. 150 жанкүйер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или