«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері қайтыс болды

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері қайтыс болды

Франциялық футбол жаттықтырушысы Жерар Улье 73 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жексенбіден дүйсенбіге қараған түні көз жұмды. Өлімнің себебі әлі белгісіз.

Улье ойыншы ретінде «Ливерпуль Олсоп», «Юкелье», «Ле Туке» сияқты клубтарда ойнаған. Оның жаттықтырушылық мансабы негізінен Францияда өтті. «Лионмен» бірге екі рет Франция чемпионы болды (2005/06, 2006/07). Сондай-ақ, өз елінің жастар және ересектер құрамаларын жаттықтырды.

Алайда, ол ең үлкен жетістікке англиялық «Ливерпульмен» жетті. Оның басшылығымен клуб 2000/01 жылы УЕФА кубогын, УЕФА Суперкубогын, Англия кубогын, Англия суперкубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или