«Атырау» футзалдан Қазақстан чемпионатының 19-турында «Нұр-Сұлтанға» есе жіберді
Футзалдан Қазақстан чемпионатының үшінші айналымы «Атырау» мен «Нұр-Сұлтан» матчымен басталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Атыраулықтар ойынды сенімді бастаған - Талап Есениязов пен Эвертон гол соқты. Алайда үзіліске дейін елордалық ұжым есеп айырмасын қысқартып, екінші таймда жауапсыз үш гол соқты.
Осылайша, матч «Нұр-Сұлтанның» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.
Астаналықтар осы жеңістен соң 21 ұпай жинап, бесінші орынға шықты. Ал атыраулық клубта 33 ұпай бар. Команда алдына <span>«Ақтөбені» жіберіп алуы мүмкін.</span>
<span>«Атырау» – «Нұр-Сұлтан» 2:4 (2:1)</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или