ОАР ұлттық құрамасының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

ОАР ұлттық құрамасының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

"Мамелоди Сандаунз" бен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының қорғаушысы Мочека Мадиша қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оңтүстік Африка Футбол одағының мәліметінше, 25 жастағы футболшы "Мамелоди Сандаунстың" 50 жылдығына арналған мерекелік шаралардан қайтып келе жатқанда Йоханнесбургтің маңында жол-көлік оқиғасына түскен.

Мадиша - үш дүркін Оңтүстік Африка чемпионы. Ол ұлттық құрамада 2018 жылдан бастап ойнады. 12 матчта бір гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или