«Бавария» басшысы: Левандовски «Алтын допқа» лайық
«Баварияның» басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге шабуылшы Роберт Левандовскиге «Алтын допты» беру керегін айтты.
«Роберт биыл үздік болды. Ол көп гол соғып, бес жүлдені жеңіп алды. Одан мықты өнер көрсеткен ешкім жоқ.
ФИФА президенті Джанни Инфантиноға хабарласып, «Алтын допты» өткізбеу шешіміне қатысты пікірімді айтып, тарихта 2020 жыл қаңырап бос қалатынын айттым.
Коронавирусқа қарамастан басты лигалар маусымды сәтті аяқтады. Ал әлемнің үздік ойыншылары пандемияға қарамастан мықтылығын көрсетті. Левандовски өзгелерден мықты болды», – деді Румменигге.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или