«Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасы 1/16 финалындағы қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық футзал командалары - «Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасы 1/16 финалындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық ұжым беларусьтік «Витенмен» кездеседі. Айта кетелік, 2013-14 жылғы маусымда аталған ұжым Алматыға келген еді. Алматылықтар 9:0 есебімен жеңген.
Ақтөбеліктерге грекиялық АЕК-ке қарсылас атанды. Қос клуб бір-бірімен бірінші рет ойнағалы тұр.
Еске сала кетелік, Чемпиондар лигасының 1/16 финалында командаларың жағдайы бір матчта шешіледі. Жекпе-жек 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или