Қазақстан - Венгрия матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан - Венгрия матчының тікелей трансляциясы

Бүгін футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бірінші матчта құрама Нұр-Сұлтанда Венгриямен ойнайды.

Венгрия құрамасы Еуропа чемпионатында үш рет ойнады (2005, 2010, 2016). Бірақ сол жарыстарда бірде-бір ұпай жинай алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2016 жылғы алғашқы Еуропа чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, екі жылдан кейін өткен құрлық біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті.

Әлем чемпионатына венгрлер бір-ақ рет - 1989 жылы қатысты. Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттарында 2000 және 2016 жылдары ойнады.

Венгриямен кездесуге Қайрат Иманалин мен Леонардо Мендонка Да Роса қатыса алмайды. Екеуі де жарақат алған. Тайнанда да жарақат. Игита коронавирус жұқтырып алды.

Қазақстан құрамасы өнер көрсететін топта Венгриядан басқа Израиль мен Беларусь бар.

Ойын Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-Jek Hall сарайында өтеді. Бұл ұлттық құраманың Алматыдан тыс алаңдағы алғашқы кездесуі. Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады. Ойын QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или