Роналду мен Месси соңғы 947 күнде алғаш рет кездесуі мүмкін

Роналду мен Месси соңғы 947 күнде алғаш рет кездесуі мүмкін

Бүгін Чемпиондар лигасы Е тобы аясында топтық кезеңнің соңғы туры өтеді. Бұл турда «Барселона» мен «Ювентус» күш сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін жасыл алаңда Лионель Месси мен Криштиану Роналду қайта бәсекелесуі мүмкін. Бұл футболшылар соңғы рет 947 күн бұрын алаңда кездескен. 2018 жылы мамырда Роналду «Реал» сапында ойнап жүргенде «Барселонаға» қарсы соңғы матчын өткізген.

Ал биылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Ювентус» - «Барселона» матчына Роналду коронавирусқа байланысты қатыспаған еді.

Айта кетейік, «Ювентус» те, «Барселона» да мерзімінен бұрын плэй-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или