Дидье Дешам: Қазақстанда болған емеспіз

Дидье Дешам: Қазақстанда болған емеспіз

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан D тобында ұлттық құрамасы әлем чемпионы Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговинамен бір топқа түсті.

«Украина мен Финляндия құрамаларын жақсы білемін. Өйткені жақында бұл командаларға қарсы ойнадық. Бірақ Қазақстанда болған емеспіз. Жол алыс екен.

Франция — топтың көшбасшысы. Мақсатымыз топтан бірінші орынмен шығу. Басқа жолымыз да жоқ», – деді Дешам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или