Андрей Шевченко ӘЧ-2022 іріктеуінде қарсылас атанған Қазақстан туралы пікірін айтты

Андрей Шевченко ӘЧ-2022 іріктеуінде қарсылас атанған Қазақстан туралы пікірін айтты

Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан D тобында ұлттық құрамасы әлем чемпионы Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговинамен бір топқа түсті.

«Мықты топқа түстік. Әлем чемпионына қарсы матч қиын болады. Босния және Герцеговина құрамасы төртінші себеттің ең мықтысы еді. Финляндияға қарсы ойындарымызда қиынға соққан. Сондай-ақ, Қазақстанды да елемеуге болмайды», – дейді Шевченко.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или