Зайнутдиновтың ЦСКА-сы «Химкиге» қарсы ойын алдында мәлімдеме жасады
Мәскеулік ЦСКА командасының бас бапкері Виктор Гончаренко РПЛ-дегі «Химкимен» өтетін матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Виктор Гончаренко сары қағаздарының көптігінен ЦСКА - «Химки» матчына қатыса алмайды. Сондықтан Сергей Овчинников бүгінгі ойында уақытша бас бапкер болады», - делінген клубтың хабарламасында.
Еске сала кетелік, ЦСКА сапында Қазақстандық Бактиер Зайнутдинов ойнайды. Мәскеулік клуб чемпионатта көшбасшыдан үш ұпай артта келеді және турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или