Мануэль Нойер IFFHS нұсқасы 2020 жылдың үздік қақпашысы атанды

Мануэль Нойер IFFHS нұсқасы 2020 жылдың үздік қақпашысы атанды

Мюнхендік «Баварияның» және Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының (IFFHS) шешімімен 2020 жылдың үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс қақпашысы 320 ұпай айырмашылығымен бірінші орынды тұр. Екінші орында - «Атлетиконың» словениялық қақпашысы Ян Облак (40).  Ал «Ливерпульдің» бразилиялық қақпашысы Алиссон (30) үшінші орынға жайғасты.

34 жастағы Нойер өзінің мансабында бесінші рет IFFHS нұсқасы бойынша жыл қақпашысы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Икер Касильяс пен Джанлуиджи Буффонды қуып жетті.

IFFHS нұсқасы бойынша жылдың үздік 8 қақпашысы:

  1. Мануэль Нойер (Бавария) - 320
  2. Ян Облак (Атлетико) - 40
  3. Алиссон (Ливерпуль) - 30
  4. Тибо Куртуа (Реал) - 15
  5. Марк-Андре тер Штеген (Барселона) - 10

6-8. Каспер Шмейхель (Лестер Сити) - 5

6-8. Кейлор Навас (ПСЖ) - 5

6-8. Самир Ханданович (Интер) - 5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или