IFFHS: Кевин де Брюйне - 2020 жылдың үздік плеймейкері

IFFHS: Кевин де Брюйне - 2020 жылдың үздік плеймейкері

«Манчестер Сити» мен Бельгияның жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) шешімімен « 2020 жылдың үздік плеймейкері» атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда бельгиялық АПЛ-да 31 матч өткізіп, 13 гол соқты және 21 нәтижелі пас берді.

Осы маусымда 29 жастағы де Брюйне барлық турнирде 13 матч өткізіп, екі гол соқты және 10 рет ассистент болды. Оның ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или