«Ол өзінің ойынымен ЦСКА-ның бүкіл «жыртығын жамап» жатыр». Ресейлік БАҚ Зайнутдинов жайлы тағы жазды
Gazeta.Ru мәскеулік ЦСКА туралы материалында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың ойынын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
... «Ростовтан» екі миллион еуроға сатып алынған қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновты ғана сәтті трансфер деуге болады. Қалған үш ойыншымен салыстырғанда аз сомаға келген қазақстандық өзінің ойынымен жанкүйерді тәнті етті.
Зайнутдинов Ресей астанасына ауысқан сәттен бастап, ЦСКА-да кез-келген позицияда ойнай алатынын көрсетті. Сол қапталдағы Георгий Щенниковты, оң жақтағы Марио Фернандесті алмастырды. Ол орталық жартылай қорғаушылардың және шабуылшылардың да үштігінде ойнады. Бірақ мұның бәрі Мәскеу клубының ойыны тәуір дегенді білдірмейді.
ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко 22 жастағы жартылай қорғаушының ойынымен команданың бүкіл жыртығын «жамап» жатыр. Бұл, мәскеулік клуб ең алдымен, трансферлік нарыққа айтарлықтай қаражат жұмсағанымен, құрамдағы проблемалары әлі бар екенін көрсетеді», - деп жазады БАҚ.
Еске сала кетелік, Зайнутдинов Мәскеу клубына тамыз айында ауысқан. Бұған дейін, 2019 жылдың қаңтарынан бастап, ол «Ростовтың» намысын қорғады. Қазақстандықтың ЦСКА сапында 12 ойын өткізіп, бір гол соқты